Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашеваның Кәсіподақтар күнімен құттықтауы
ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз үшін еңбек адамының құқығын қорғау - күнделікті іспен атқарылатын міндет. Кәсіподақ мүшелеріне заң көмегін көрсету, еңбек дауын шешуге қатысу, ұжымдық келіссөздерде оның мүддесін қорғау - осы міндеттің нақты көрінісі. Кәсіподақ жұмысының нәтижесі әр қызметкерге тигізген көмегімізбен бағаланады.
Өз қызметімізде барлық деңгейдегі ұйымдар мен кәсіподақ белсенділеріне сүйенеміз. Табанды еңбектеріңіз бен ортақ іске қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін!
Кәсіподаққа артылған сенім баршамызға зор жауапкершілік жүктейді. Сол сенімді нақты іспен ақтау - мен үшін де, әрқайсымыз үшін де басты міндет.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ БОЛСЫН!
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ізгі ниетпен,
Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мукашева