ТҮПҚАРАҒАНДА ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН СОТҚА ДЕЙІН ШЕШУ ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында мектептер мен балабақшаларда Келісу комиссиясының қызметіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушы әрі спикер Түпқараған аудандық филиалының төрағасы Гүлмира Жолдыбаева болды.
Іс-шара барысында Келісу комиссиясының негізгі міндеттері, еңбек дауларын шешу тәртібі, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері туралы айтылды.
Сонымен қатар, еңбек заңнамасының талаптары, еңбек қатынастары барысында туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу жолдары және Келісу комиссиясына жүгіну тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылып, қажетті әдістемелік көмек көрсетілді.
Жүргізілген түсіндіру жұмыстары еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және еңбек дауларының алдын алуға бағытталды.
Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық филиалы
-
Фотографии
-