Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашеваның Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтауы
АРДАҚТЫ АЗАМАТТАР!
ҚАДІРЛІ ДОСТАР!
Сіздерді 7 мамыр – Отан Қорғаушы және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – батырлық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны болып табылады. Осы күндері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Қарулы Күштеріміздің ардагерлері мен жауынгерлері алдында тағзым етіп, құрмет етеміз.
Сіздердің ерліктеріңіз, борышқа адалдықтарыңыз Отанына адал қорғаушыларды тәрбиелеу жолында әрқашанда үлгі болады.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыз, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігіміз мызғымай, егемен еліміздің мәртебесі биіктей берсін! Әрбір шаңыраққа құт-береке дарып, еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбегіміз жемісті болғай.
Ізгі ниетпен, Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева
-
Фотографии
-