ҰЛТТЫҚ КІТАП ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ
ҚАДІРЛІ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ! ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!
Сіздерді Ұлттық кітап және кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кітапхана – тек кітап сақтайтын орын ғана емес, білім мен мәдениеттің, рухани құндылықтардың ордасы. Ал сіздер асыл қазына мен тарихтың сақтаушысы ғана емес, насихаттаушыларысыздар. Кәсібилігіңіз бен қажырлы еңбектеріңіз арқылы оқырмандарға жол көрсетіп, оқуға құштар өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттырып келесіздер. Бұл баға жетпес құндылық.
Қазіргі цифрландыру заманында да сіздердің қызметтеріңіз өз маңызын жоғалтпай, жаңа мазмұнда жүргізіліп, қоғамның дамуына, жас буынның танымын кеңейтуге зор үлес қосуда.
Осындай тоғысқан мерекеде сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Еліміздің мәдениеті мен білімінің дамуына қосып жатқан үлестеріңіз арта берсін!
Ізгі тілекпен, Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева