«ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ?» – АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ
🗓 Бүгін Салалық кәсіподақ базасында «Қалың қалай, бастауыш?» онлайн-жобасының кезекті кездесуі өтті. Вебинарға Алматы облысының «Қамқор» кәсіподағына қарасты бастауыш ұйымдардың көшбасшылары қатысты.
📌 Аталған жоба ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен өңірлерде және мүшелік ұйымдарда тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жобаның басты мақсаты – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін қолдау, өзекті әлеуметтік-еңбек мәселелерін талқылау және оларды заңнама мен әлеуметтік әріптестік қағидаттарына сүйене отырып шешу.
📊 Қазіргі таңда Салалық кәсіподақ құрамында 600 мыңнан астам мүшесі бар 22 ұйым жұмыс жасайды, олардың қатарында 8 716 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.
💬 Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева: «Еліміз қарқынды даму кезеңінде. Цифрландыру үрдістері мен еңбек қарым-қатынастарының жаңа форматтары кәсіподақ қозғалысын жаңғыртуды талап етеді. Өзгерістерді еңбек адамының игілігіне бағыттау – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті.
⚡ Шара барысында Кәсіподақ төрағасының орынбасары Виктор Беженаров цифрландыру деңгейін арттыру, құқықтық көмектің қолжетімділігін кеңейту, коммуникацияның ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті белсенділердің рөлін күшейту қажеттігіне тоқталды.
🏢 «Қамқор» жергілікті кәсіподағының төрағасы Сара Байбосынова 2024 жылы құрылған Алматы облысындағы ұйымда 8 151 мүшені біріктіретін 92 бастауыш ұйым жұмыс істейтінін баяндады. Бұл – білім беру саласы қызметкерлерінің үлкен сенімі.
🤝 Кездесу қорытындысында кәсіподақ көшбасшылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Барлық сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.
🚀 «Қалың қалай, бастауыш?» жобасы алдағы уақытта да жалғасып, «Кәсіподақ – еңбек адамының тірегі» атты белсенді алаңға айнала бермек.
-
Фотографии
-