Жұмыскерді ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алу тәртібі
Мен білім беру ұйымында 1,5 ставкада қызмет атқарамын. Қажеттілікке байланысты (қабылдау комссиясында жұмыс істедім) ҚР Еңбек кодексінің 95-бабының 3-тармағына сәйкес пайдаланылмаған демалысының бөлігі үшін өтемақы алуға келісім беріп еңбек демалысынан кері шақырылдым.
Алайда, бухгалтердің өтемақыны тек лауазымдық айлықақы қосымша, үстеме ақыларсыз 1 ставкамен есептеуі заңды ма?
ҚР Еңбек кодексінің (ҚР ЕК) 95-бабының 3-тармағында жұмыскерді ақылы #еңбек #демалысынан #кері шақырып алу #тәртібі және #өтемақы #алу құқығы айқындалған.
Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, #жұмыскер мен #жұмыс #берушінің #арасындағы #келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін #еңбек #демалысының #пайдаланылмаған #бөлігінің #күндері #үшін #өтемақы #төлемі #жүргізіледі.
Ал, #өтемақы #орташа #жалақы #негізінде #есептеледі.
ҚР ЕК 114-бабына сәйкес орташа жалақыны есептеу кезінде белгіленген қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйлықақылар және тұрақты сипаттағы ынталандыру төлемдері ескеріледі.
Сондықтан, еңбек демалысынан кері шақырылған жұмыскердің жағдайында өтемақы көлеміне орташа жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйлықақылар және тұрақты сипаттағы ынталандыру төлемдері 1,5 ставка бойынша ескеріледі.
ҚР ЕК 115-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына және бухгалтерлік есептің қалыптасқан тәжірибесіне сәйкес кері шақырылған күндер үшін бұрын берілген демалыс ақысы мәжбүрлі түрде ұстап қалынбайды, бұрын төленген демалыс ақшасы өтемақы төлемі есебіне жатқызылады, өйткені жұмысқа шығуына байланысты демалыс күндері іс жүзінде жойылады.
Жұмыс беруші нақты жұмысқа шыққан сәттен бастап жұмыскерге нақты жұмыс істеген күндеріне жалақысын жүргізеді.