14 ноября 2025 г.
КӨКСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Көксу аудандық филиалында маңызды семинар өтті. Шараға білім беру мекемелерінен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Семинарды филиал төрағасы Дина Нүсіпова ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды. Ол өзінің …

Подробнее
14 ноября 2025 г.
ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ШАРА

Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты Ақын-тұма №11 жалпы білім беретін мектебінде химия пәні мұғалімі Нафиса Маммаддинова және биология пәні мұғалімі Насиба Абулованың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Smart Science: Химия мен биологиядағы жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбындағы …

Подробнее
14 ноября 2025 г.
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

Бекішева Лаззат Жүсіпқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданындвғы № 47 М.Ломоносов мектеп –лицейінің химия пәнінің мұғалімі ,педогог зерттеуші өз пәнін жете меңгеріп оқушыларды химия пәнінен олимпиадалармен ғылыми жобаларға уздіксіз дайындап келе жатұан тәжірибелі ұстаз. 2025 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер …

Подробнее
14 ноября 2025 г.
ЕҢБЕК АДАМЫ

Ел ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Ал сол ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын ұстаз еңбегі – қашанда қадірлі. Өз өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, адал еңбек пен жауапкершіліктің биігінен көрініп жүрген Ойыл ауданындағы ұстаздардың бірі – Жами Қымбат Бақтығалиқызы. Қымбат Жами …

Подробнее
13 ноября 2025 г.
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА!

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жалғас Нұрымбет «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы ұжымымен жүздесті. Кездесуде еңбек қатынастарының өзекті мәселелері, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері мен жұмыс жағдайлары талқыланды. Қездесу барысында тәрбиешілер мен қызметкерлердің жеке сұрақтары тыңдалып, заңдық кеңестер мен нақты ұсыныстар …

Подробнее
13 ноября 2025 г.
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

Сағындық Айжан Серікқызы - Қызылорда облысы Арал қаласындағы “Жайлы мектеп” жобасы аясында ашылған №292 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, өз ісіне адал, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруды басты мақсат еткен ұстаз. Түрлі олимпиада, байқауларда бағын сынап жүрген ұстаз 2025 …

Подробнее
13 ноября 2025 г.
БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бақылау-тексеру комиссиясы қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Бақылау-тексеру комиссияларының мүшелері қатысты. Семинардың ашылуында Жергілікті кәсіподақ төрағасының …

Подробнее
13 ноября 2025 г.
ЖАҢАШЫЛ МАМАН

Талдықорған қаласының «Құрама үлгідегі №1 ясли-бақшасы» МКҚК дефектологы Бақыбаева Жұпар Тоқанқызы 2004 жылдан бері мектепке дейінгі білім беру саласында абыройлы еңбек етіп келеді. Кәсіби жолында ол заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды тиімді қолданып, балалармен жұмыс істеуде ерекше әдістемелік шеберлік пен …

Подробнее
13 ноября 2025 г.
ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

Жас ұстаз – ел болашағының жарқын бейнесі, ұлт білімінің жаңа леппен дамуына серпін беретін тұлға. Осындай жігерлі де жаңашыл жас мамандардың бірі – Қобда ауданы Қаракемер негізгі мектебінің биология пәні мұғалімі Әмірғали Диана Орынбасарқызы. Ол өз ісіне шын берілген, креативті …

Подробнее
13 ноября 2025 г.
«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2025» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Кентау қаласы білім беру ұйымдарының жас мұғалімдері арасында дәстүрлі «Өнерлі ұстаз – 2025» қалалық байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқау Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының акт залында өтіп, оған қала мектептерінен 40 жасқа дейінгі өнерге бейім, шығармашыл ұстаздар қатысты. Биылғы сайысқа барлығы …

Подробнее

Последние новости