ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
Еңбек – елдің берекесі, ұстаз еңбегі – ұрпақтың болашағы! Осы орайда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ұстаздық жолда ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан Сәдуақасов Бауыржан Шәменұлының еңбегін ерекше атап өтуге болады.
Бауыржан Шәменұлы – өз өмірін білім саласына арнаған білікті педагог, спорт ардагері, әрі ұлағатты ұстаз. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ‘Дене дайындығы балалар мен жасөспірімдер клубын басқарып, білім ордасының дамуына өзіндік үлесін қосуда.
Спорт саласының қалыптасуы жолындағы талай жылдық еңбегімен кейінгі ұрпаққа жол көрсетіп келе жатқан ардақты жан! Сіздің спорттағы жетістіктеріңіз ғана емес, маңдай термен атқарған еңбегіңіз, табандылығыңыз бен адамдық өнегеңіз – жастар үшін үлкен мектеп.
Жылдар бойы спортқа деген сүйіспеншілікті насихаттап, талай шәкіртті тәрбиелеп, салауатты өмір салтына баулыдыңыз. Бүгінгі спорт жетістіктерінің негізінде сізді еселі еңбегіңіз бен төккен теріңіз жатыр.
Бауыржан Шәменұлына шәкірт тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегі, білім саласына қосқан үлесі және ұрпақ болашағына жасаған қызметі үшін алғыс білдіреміз. Ұстаздық еңбегі жемісті болып, шәкірттерінің жетістігі мен әріптестерінің құрметі еселене берсін!
Уәлиханов аудандық кәсіподақ комитеті СҚО