ҚУАТТЫ КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚУАТТЫ ҮНІ
«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқанының басты мақсаты – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және қиын сәтте олардың жанынан табылу. Жамбыл облысы Меркі ауданындағы білім беру саласы қызметкерлерінің екі жылға созылған сот процесінде қол жеткізген нәтижесі кәсіподақтың нақты іспен дәлелденетін күшін көрсетті.
2023 жылы Меркі ауданының білім бөлімінде жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша ұжымдық шарт негізінде төленген 65 миллион теңгені құрайтын қосымша ақылар заңсыз деп танылды. Оларды мемлекеттік бюджетке қайтару туралы талап қойылып, 2021-2023 жылдар аралығында қосымша ақы алған 58 қызметкер күрделі жағдайға тап болды.
Қиын жағдайда қызметкерлерге Жергілікті кәсіподақ ұйымының құқықтық қызмет жетекшісі Әлия Джолшибекова мен мен құқықтық инспектор Светлана Ержанова қолдау көрсетіп, екі жыл бойы сотта олардың мүддесін қорғады.
Нәтижесінде сот шешімі қызметкерлердің пайдасына қабылданып, олар қаражатты кері қайтару міндетінен босатылды.
Қуатты кәсіподақ дегеніміз еңбек адамы қиындыққа тап болғанда жанынан табылып, оның заңды мүддесін қорғауға күш салатын сенімді тірек. Кәсіподақтың қуаты – сөзінде емес, еңбек адамы үшін қол жеткізген нақты нәтижесінде!
https://www.facebook.com/reel/2131061407542251
Жергілікті кәсіподақтың Меркі аудандық комитеті