ҰЖЫМ МҮДДЕСІ – КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері «Алма» арнайы балабақшасының ұжымымен кездесіп, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында кәсіподақ мамандары А.Серімбетов пен Н.Жетпісбай ұжым мүшелерінің көкейде жүрген сауалдарына жауап беріп, еңбек заңнамасының талаптары, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ кәсіподақ тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Қарағұлова кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен және облыстық кәсіподақ ұйымының сертификатымен марапатталды.
Кездесуден кейін бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметіне әдістемелік көмек көрсетіліп, ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді. Сонымен қатар ұйым заңгері Н.Жетпісбай еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізіп, тиісті мәселелерге назар аударды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-