КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Ақтөбе облысының Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы Шығармашылық орталығында білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ төрағаларының қатысуымен «Кәсіподақ және цифрлық сауаттылық» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Шараның мақсаты – қатысушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, тәжірибе алмасу және кәсіподақ ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Семинар барысында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, кәсіподақ жұмысын жетілдіру және заманауи тәсілдерді тәжірибеге енгізу мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу білім мен тәжірибені ұштастырып, жаңа идеялар мен бастамаларға жол ашты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы