КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Мақаншы орта мектеп-бақшасында Абай облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі бас маманы Ұ.Воказенің қатысуымен аудандағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған семинар өтті.
Семинар барысында кәсіподақ ұйымдарының негізгі мақсаттары мен міндеттері, қызметінің қағидаттары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құжаттамалары мен құжаттар тізбесін жүргізу тәртібі кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі талаптары, әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің маңызы, кәсіподақ қызметінде туындайтын түрлі жағдаяттар және оларды шешу жолдары бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Семинар қатысушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Қатысушыларға қосымша ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылды.
Осындай мазмұнды кездесулер кәсіподақ жұмысының сапасын арттыруға, ұйым төрағаларының құқықтық сауаттылығын жетілдіруге және еңбек адамдарының мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге ықпал етеді.
Семинар өз мақсатына жетіп, қатысушылар үшін пайдалы тәжірибе алаңына айналды.
Ұйымдастырушыларға және семинарды жоғары деңгейде өткізген Ұлжан Ернарқызына алғыс білдіреміз!
Абай облысы, Мақаншы аудандық кәсіподақ филиалы
-
Фотографии
-