ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ЦИФРЛЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛДЫ
Халықаралық еңбек ұйымының қолдауымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Цифрлық еңбек және жасанды интеллект» халықаралық форумы өтті.
Форум барысында еңбек саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, жаңа дағдыларды дамыту, сондай-ақ платформалық жұмыспен қамту мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиында басты назар адам мен технология арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, алгоритмдік шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, жұмыскерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға, сондай-ақ цифрлық өзгерістер жағдайында әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға аударылды.
Қатысушылардың ортақ пікірі – цифрлық даму ең алдымен еңбек адамының мүддесіне қызмет етуі тиіс.
Форум жұмысына Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің өкілдері де белсенді қатысты. Кәсіподақ мүшелері Ержан Өтеулиев пен Дархан Шаңбаев форум барысында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Алдағы уақытта форум аясында қалыптасқан байланыстарды нығайтып, бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және кәсіподақ мүшелерінің цифрлық құзыреттерін арттыру бағытында бірлескен жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-