ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЖАҢА СЕРПІН
6 қазан күні Кәсіподақтар үйінде «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ә.Інкәров, «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Н.Баулыбаев, Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы төрағасы Т.Баймбетова және құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Н.Храмова әлеуметтік әріптестік аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Халықаралық еңбек ұйымының «Лайықты еңбек үшін бүкіләлемдік іс-қимыл күні», әлеуметтік әріптестік мәселелері, сондай-ақ Өңірлік келісім жобасын әзірлеу және дайындау жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлескен іс-шаралардың жалғасатыны айтылды.
Маңғыстау облыстық кәсіподағы