МАҢҒЫСТАУДА МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты жиынға 700-ге жуық мұғалім мен білім саласының ардагерлері, облыс басшылығы және құрметті қонақтар қатысты. LED экран арқылы көрсетілген бейнеролик, шығармашылық қойылымдар кештің мазмұнын арттырды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Ізбергенов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, білім беру саласына қосқан үлестері үшін үздік педагогтарды мемлекеттік марапаттармен және Оқу-ағарту министрлігінің ведомоствалық «Еңбек ардагері», «Ыбырай Алтынсарин» ордендерімен, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін ұстаздарды көтермелеу мақсатында облыс әкімінің қаулысымен жетістіктері жоғары 12 үздік мұғалімге облыс әкімінің «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен 500 000 теңге көлемінде сыйақысы табысталды.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы 12 ұстазға шипажайға жолдама табыстады.
Мерекелік кеш аясында ұстаздар мен қонақтарға арналған фотозона, әдемі музыкалық атмосфера, концерттік нөмірлері ұсынылды. Мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру, үздіктерді насихаттау және ұстаздарға құрмет көрсету шараның негізгі мақсаты болды.
Іс-шара ұстаздарға деген ыстық ықылас пен алғыс сезімін жеткізе отырып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Маңғыстау облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-