ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
5 қазанда Абай облысы Аягөз ауданындағы №4 мектепте Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, атап өтілді. Мерекелік шара мектеп әкімшілігі мен мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен және қолдауымен өткізілді.
Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары мен жас мамандар ұстаздарға арнап өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Оқушылар ұстаздарға ақ тілектерін білдіріп, оларға деген құрметі мен алғысын өнерлері арқылы көрсетті.
Шара барысында мектепте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, білім беру мен тәрбие саласына зор үлес қосқан ардагер ұстаздарға да ерекше құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар, мерекелік шарада балабақша тәрбиешілері Маржан Сұртайқызы мен Ельмира Победовна туған күндерімен құттықталды.
Ұстаздар күніне орай мектеп ұстаздарына да ерекше құрмет көрсетілді. Ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында сыйақы беріліп, мерекелік құттықтаулар айтылды. Бұл игі шараны ұйымдастыруға мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы белсене атсалысып, ұстаздарға деген құрмет пен қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті.
Ш.Рахметоллаева,
№4 жалпы орта білім беретін аралас мектептің
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы