ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ – ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НЕГІЗІ
Еңбек даулары, олардың туындау себептері және келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі – еңбек қатынастарындағы маңызды мәселелердің бірі. Сонымен қатар, еңбек шарты, еңбек шартын тоқтатудың негіздері мен тәртібін білу әрбір жұмыскер мен жұмыс беруші үшін аса маңызды. Осы өзекті тақырыптар бойынша кәсіподақ ұйымы тарапынан құқықтық түсіндіру және оқыту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
29 қыркүйекте Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясында келісу комиссиясы мүшелеріне арналған «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі. Еңбек шарты. Еңбек шартын тоқтатудың негіздері мен тәртібі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарға Кентау қаласындағы 16 жалпы білім беру ұйымының басшылары, 7 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымының басшысы және келісу комиссияларының мүшелері қатысты. Семинар барысында еңбек дауларының туындау себептері, келісу комиссиясының қызметі, еңбек шартын жасау мен тоқтатуға қатысты заң талаптары жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды ақпараттар берілді.
Семинар жұмысына салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева, Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Е.Исатаев, облыстық кәсіподақ маманы Б.Абдураимов және Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Таукеева қатысты.
Еңбек адамының құқығын қорғау – кәсіподақ жұмысының басты бағыттарының бірі. Осы ретте келісу комиссиялары мүшелерінің құқықтық білімін жетілдіру, еңбек заңнамасын дұрыс қолдануға үйрету және еңбек қатынастарындағы даулы мәселелерді заң аясында шешуге ықпал ету – кәсіподақтың маңызды міндеттерінің бірі. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
-
Фотографии
-