ЖАС ПЕДАГОГТЫҢ ЦИФРЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қаракемер негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, кәсәподақ мүшесі Жанар Әмірғали білім беру саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізіп жүрген жас мамандардың бірі.
Педагог әзірлеген «Тіл әдебиет хаб» платформасы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған тегін ресурстарды, дайын сабақтар мен әдістемелік материалдарды, сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдану бойынша курсты біріктіреді. Бүгінде платформаны 1000-нан астам педагог пайдаланады. Жобаға авторлық куәлік беріліп, әдістемелік ұсынымы республикалық деңгейде таратуға ұсынылған.
Жанар Әмірғалидің «Тең мүмкіндік Edu Hub» жобасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен жұмыс істейтін мамандарға арналған. Жоба қазіргі таңда Қобда ауданында пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар жас педагог тәрбие жұмысына жауапты мамандардың құжат әзірлеу үдерісін жеңілдететін цифрлық құрал жасап, жасанды интеллект көмегімен жоспар, хаттама, анықтама, сценарий және басқа да қажетті материалдарды дайындауға мүмкіндік беріп отыр.
Ауыл мектебінде еңбек ететін жас педагогтың бұл бастамалары білім беру үдерісіне цифрлық мүмкіндіктерді енгізудің нақты үлгісіне айналып отыр.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-