ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ ҰЙЫМЫНДА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
«Оқу-ағарту,бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалында кәсіподақ мүшелерінің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, олардың еңбек және әлеуметтік мәселелері бойынша құқықтық әрі практикалық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында «Ашық есік» күні өтті.
Қабылдау барысында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің кәсіподақ мүшесі зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты өзін толғандырған мәселелер бойынша филиал төрағасы Мақытбек Тұрлыбековке жүгінді. Атап айтқанда, кәсіподақ мүшесі зейнеткерлікке шығуына байланысты берілетін бір реттік төлем мәселесі жөнінде сұрақ қойып, оны алу тәртібі, төлемнің қандай жағдайда қарастырылатыны және қажетті құжаттар туралы ақпарат сұрады.
Филиал төрағасы кәсіподақ мүшесінің сұрағын мұқият тыңдап, қолданыстағы тәртіпке сәйкес түсіндірме берді. Сонымен қатар зейнеткерлікке шығатын қызметкерлерге кәсіподақ тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары, кәсіподақ ұйымының мүмкіндіктері және тиісті құжаттарды рәсімдеу тәртібі жөнінде кеңес берілді.
Қабылдау барысында филиал төрағасы кәсіподақ мүшелерінің әрбір өтініші назардан тыс қалмайтынын, мәселелердің қолданыстағы заңнама, ұжымдық келісім және кәсіподақ ұйымының ішкі тәртібі шеңберінде қарастырылатынын атап өтті.
Кәсіподақ – еңбек адамының жанынан табылып, оның құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауға бағытталған ұйым. Сондықтан мұндай қабылдаулар кәсіподақ мүшелерінің өз мәселелерін ашық жеткізіп, қажетті кеңес пен қолдау алуына мүмкіндік береді.
Филиал тарапынан кәсіподақ мүшелерін қабылдау, олардың ұсыныстары мен өтініштерін қарау және әлеуметтік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Жетісу облысы, Панфилов аудандық филиалы