ҰСТАЗДЫҚ ҰСТАНЫМЫ – КӘСІБИ КЕМЕЛДІК
Білім беру мен әдістемелік жұмысты қатар алып келе жатқан білікті мамандардың бірі – Битенова Ботагөз Мұханбетқалиқызы.
Ботагөз Битенова 1985 жылы 10 сәуірде Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын селосында дүниеге келген. 2002–2007 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында білім алып, математика пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерді.
Еңбек жолын Мұғалжар ауданы Алтынды орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастап, жылдар бойы мол педагогикалық тәжірибе жинақтады. 2023 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы дарынды балаларға арналған «BILIM AKTOBE» мектеп-интернатында математика пәнінің мұғалімі әрі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
Бүгінде Ботагөз Мұханбетқалиқызы Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық Академияның әдістемелік бөлімін басқарады. Бұл қызметте педагогтардың кәсіби дамуына бағыт-бағдар беріп, озық тәжірибені таратуға және әдістемелік қолдау көрсетуге өз үлесін қосып келеді.
Кәсіби ізденісі мен еңбегі де елеусіз қалған жоқ. 2024 жылы облыстық кәсіби байқауда «Педагогикалық конкурс» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сол жылы Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясының Алғыс хаттарына ие болды. 2026 жылы әдіскерлер арасында өткен облыстық пәндік олимпиадада Бас жүлдені иеленіп, кәсіби білімін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сонымен қатар Ақтөбе қаласының білім бөлімі, «BILIM QAZYNA» және Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, білімін үнемі жетілдіріп келе жатқан білікті маманның еңбегі – әріптестеріне үлгі, білім саласына қосылған өзіндік үлес.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-