ЖАС КӨШБАСШЫ – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР ЖОЛЫНДА!
Ұстаздың ең үлкен жеңісі өз жетістігімен ғана емес, шәкіртінің биігінен көрінуі. Ізденісті серік етіп, жаңашылдықты кәсіби ұстанымына айналдырған Сарсенбай Ақжарқын Қанатқызы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. Білім мен тәрбие жолында табандылықпен еңбек етіп келе жатқан жас ұстаздың бірі.
🏆Ақжарқын Қанатқызы республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауында І орын иеленуі – кәсіби шеберлік пен үздіксіз ізденістің нәтижесі.
🌐Халықаралық «STEAM.AI.Innovation» практикумында «Ұстаз лайфхак» номинациясы бойынша І орынға ие болуы – заманауи білім беру технологияларын меңгеріп, жасанды интеллект пен инновация мүмкіндіктерін білім саласына тиімді енгізудегі еңбектің айқын көрінісі.
Ал Ұстаз еңбегінің шынайы жемісі – шәкірт жетістігі. Ақжарқынның оқушылары да аудандық және облыстық білім додаларында жоғары нәтижелер көрсетіп, биік белестерден көрініп жүр. Әр шәкірттің жеңісінің артында бағыт-бағдар, тынымсыз дайындық, үлкен сенім мен ұстаздың маңдай тері жатыр.
Жетістік – бір күндік нәтиже емес, күн сайынғы ізденістің жемісі. Ұстаздың биігі – шәкіртінің жеңісімен өлшенеді. Алда әлі талай асу, жаңа идеялар мен үлкен жеңістер бар! Еңбек пен ізденіс жолы әрдайым жарқын жетістіктерге бастасын! 🌟
Жамбыл облысы
Т.Рысқұлов аудандық кәсіподақ ұйымы.