БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ МЕЙІРІМДІ ЖАНАШЫРЫ
Тәрбиешінің көмекшісі – балабақшаның тазалығы мен берекесін ұстап тұрған алтын діңгек. Олардың еңбегі елене бермейтіндей көрінгенімен, баланың тұлға болып қалыптасуына, дені сау, таза болып өсуіне қосатын үлесі орасан зор. Сондықтан, бұл мамандық иелеріне құрметпен қарап, олардың қажырлы еңбегін бағалау – қоғамның міндеті. Баланы балабақшаға беретін әрбір ата-ана тәрбиешімен қатар, оның көмекшісіне де жылы лебізін білдіріп отырса, бұл олардың жұмысқа деген ынтасын одан сайын арттырары сөзсіз.
Осы жұмысты абыроймен атқарып келе жатқан Шахтинск қаласы «Еркетай» бөбекжайының тәрбиешінің көмесшісі - Басарова Гүлнұр Қайнарбекқызы.
Тәрбиешінің көмекшісі немесе халық арасында «няня» деп те атайды – балабақшадағы ең маңызды әрі жауапты мамандықтардың бірі. Сырт көзге оның жұмысы тек тазалық сақтау сияқты көрінгенімен, шынайы өмірде баланың тәрбиесі мен денсаулығы тікелей осы жанның еңбегіне байланысты.
Гүлнұр Қайнарбекқызы жұмысқа жауапты, әр бастаған ісін ақырына дейін жеткізіп, балалармен тез тіл табыса алады.
Мінезі ашық, кішіпейіл, іскер, адамгершңлігі мол, ұйымдастырушылық қабілеттілігі жоғары. Өз жұмысына ынталы, ұқыпты. Ата-аналармен тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынас жасай алды. Балабақша ішіндегі өткізілген мерекелік шараларға қатысып, өз үлесін қоса білді.
Балабақша — баланың өз үйінен, ата-анасынан жырақтап, алғаш рет үлкен ортаға қадам басатын жері. Осы өтпелі кезеңде бүлдіршінге жылылық сыйлап, оның жаңа ортаға тез үйренісуіне көмектесетін басты тұлғалардың бірі – тәрбиешінің көмекшісі. Тәрбиеші көмекшісі – тек көмекші емес, баланың өміріндегі маңызды тұлға.
Гүлнұр Қайнарбекқызының өмірі мен еңбек жолы – осының дәлелі. Балабақша қызметкерлерінің еңбегі – ел болашағына салынған инвестиция. Гүлнұр Қайнарбекқызы адал еңбегіңіз бен зор төзімділігіңіз үшін алғыс білдіреміз!
Әрбір күніңіз балалардың сыңғырлаған күлкісі мен қуанышына толы болсын. Әр кішкентай жүрекке мейірім сыйлап, балабақшаның жайлылығын сақтап жүрген еңбегіңіз елеусіз қалмасын.
Сізге зор денсаулық, сарқылмас төзім, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз! Жұмысыңыз әрдайым жеңіл болып, сізге әрқашан тек қуаныш сыйласын.
Қарағанды облыстық ұйымы