ШАРДАРАДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Түркістан облыстық ұйымының Шардара аудандық комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Оған атқару комитеті мүшелері, бастауыш ұйым төрағалары мен өкілдері, кәсіподақ белсенділері қатысты
.
Мәжілісті аудандық комитет төрағасы Нұрымбет Жалғас Жүнісұлы ашып, жүргізді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – еңбек заңнамасы, келісім және ұжымдық шарттардың орындалуы бойынша білім беру және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы, сондай-ақ алдағы міндеттер мен басым бағыттар туралы төрағаның қысқаша баяндамасы болды.
Ол мәжілістің жоспарлы, кеңейтілген форматта өтуінің маңызын атап өтті. Атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды. Бастауыш ұйымдарды жандандыру, әлеуметтік әріптестікті дамыту, жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау – комитет жұмысының басым бағыттары екені баса айтылды.
Жарыссөзде «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы төрағасы Б.Рустамова мен Қ.Аманжолов атындағы мектеп төрағасы Н.Медеубекова тәжірибелерімен бөлісті. «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасы мен №11-Шардара бастауыш мектебі төрағалары К.Мамытова мен Б.Тәңірбергенова іс жүргізу мәселелерін қозғады. Комитет мүшесі, ардагер ұстаз Б.Алшериева сұрақтарға жауап беріп, акциялар кезінде атқарылған жұмыстармен таныстырды
.
Кеңейтілген мәжіліс кәсіподақтың қоғамның шынайы қозғаушы күші екенін тағы бір рет дәлелдеді, ортақ мақсат жолындағы жұмысты айқындап, жүйелеуге мүмкіндік берді. Қызу пікірталастар мен сұрақ-жауаптар, бастауыш ұйым өкілдерінің қызығушылығы мен жауапкершілігі осыны растады.
Түркістан облыстық ұйымының
Шардара аудандық кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-