ЖАС МАМАНДАРҒА ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен білім саласында еңбек етіп жүрген жас мамандарға Ақтолағай үстіртінің баурайында орналасқан, табиғаттың қайталанбас ғажайып туындысы саналатын Алатау шоқыларына тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Танымдық сапар барысында қатысушылар туған өлкенің табиғи байлығы мен көрікті жерлерін танып, Ақтолағай өңірінің тарихы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Табиғат аясындағы бұл саяхат жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ел мен жер тарихына деген қызығушылығын оятуға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор мүмкіндік берді.
Алдағы уақытта да Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жас мамандарға қолдау көрсетіп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жан-жақты дамуына және туған өлкенің тарихы мен табиғатын тереңірек танып-білуіне бағытталған осындай тағылымды бастамаларды жалғастыра бермек.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы