БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕГІ БАСЫМ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
14 тамызда Петропавл қаласында 2026-2027 оқу жылының басталуына арналған тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Биылғы кеңес «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында өтті.
Пленарлық отырыс жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттерді айқындап, білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылауға, озық тәжірибемен бөлісуге және педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыруға арналды.
Конференция жұмысына облыс педагогтары, білім беру саласының ардагерлері, жас мамандар, сарапшылар мен шақырылған қонақтар қатысты.
Үлкен педагогикалық жиналыстың жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының білім кәсіподағының өкілдері – Салалық кәсіподақтың Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы төрағасы Б.Е.Аюпов пен облыстық комитеттің 14 филиалының төрағалары қатысты.
Өткен оқу жылында атқарылған жұмыс және жаңа оқу жылына арналған міндеттер туралы СҚО білім басқармасының басшысы А.А.Сұрағанова баяндама жасады. Ол алдағы оқу жылының негізгі басым міндеттері «Адал азамат» бағдарламасы арқылы құндылықтар негізінде тәрбиелеу, білім беру жүйесіне жасанды интеллектті сапалы енгізу, педагогтардың сапалы әлеуетін арттыру болып белгіленгенін атап өтті.
«Заманауи технологиялар педагогтардан оқу процесін ұйымдастыруда жаңа ұстанымды талап етеді және білім берудің барлық деңгейлері оларды тиімді қолдануға дайын болуы тиіс»,- деп атап өтті сөз сөйлеушілер.
Конференция барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов білім саласының алдына қойылған негізгі міндеттерге тоқталып, ұстаздардың еңбегіне жоғары баға берді.
Биылғы жиында білім сапасын арттыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, заманауи дағдыларды қалыптастыру, ұлттық және конституциялық құндылықтарды дәріптеу, педагогтардың кәсіби дамуы мен білім беру ұйымдарының әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
-
Фотографии
-