КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ДЕМАЛЫС
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданына қарасты Қаратал орта мектебінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мектеп ұжымы аңызға толы Зайсан көлінің жағасында ұжымдық демалыс өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты мен маңыздылығы – кәсіподақ мүшелерінің жазғы демалысын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтып, ауызбіршілікті арттыру; еңбек ұжымының ішкі микроклиматын жақсартып, жаңа оқу жылына серпінді демалыс сыйлау.
Ашық аспан астында, табиғат аясында өткен бұл шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Демалыс барысында түрлі спорттық ойындар, көңілді эстафеталар мен рухани-мәдени бағдарламалар ұйымдастырылып, ұжым мүшелері ерекше әсерге бөленді. Табиғаттың таза ауасы, тұмса сұлулығы мен көл жағасындағы жағымды атмосфера әрбір қатысушыға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше қуат сыйлады.
Іс-шара қорытындысы бойынша белгіленген барлық мақсаттар толығымен орындалды. Кәсіподақ тарапынан қолға алынған мұндай мазмұнды бастамалар ұжымның ынтымағын арттырып қана қоймай, қызметкерлердің еңбекке деген ынтасын жаңа белеске көтеретіні сөзсіз. Қаратал орта мектебінің кәсіподағы мұндай игі дәстүрді алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.
Зайсан аудандық кәсіподақ ұйымы
Шығыс Қазақстан облысы
-
Фотографии
-