АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ ТОҒЫСҚАН МЕКТЕП
Абай күні – ұлы ақынның мұрасын дәріптеп, оның білім, ғылым, еңбек пен адамгершілік туралы ойларын жас ұрпаққа жеткізудің маңызды күні. Абай есімімен аталатын білім ордалары үшін бұл мерекенің мәні ерекше. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Абай ауылындағы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп те өз жұмысында ақынның тағылымды мұрасын оқушылар тәрбиесімен сабақтастырып келеді. 1985 жылы ашылған мектеп бүгінде ауыл балаларына білім беріп отырған білім ордасы.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген сөзі мектеп өмірінің негізгі бағытымен үндеседі. Ұстаздар оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, ізденуге, еңбек етуге және жауапкершілікке баулуға мән береді. Ақын шығармаларын оқу арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге көңіл бөлінеді.
Мектеп ұжымының жұмысында өзара қолдау мен ауызбіршіліктің де орны бар. Кәсіподақ мүшелері ортақ мәселелерді бірлесе шешіп, әріптестердің әлеуметтік және еңбек жағдайларына көңіл бөледі. Ұжымдық шараларға белсенді қатысу, әріптестерді қолдау мектептегі іскерлік қарым-қатынасты нығайта түседі.
Абай күні – мектеп үшін ақын мұрасын еске алумен шектелмей, оның өсиеттерін күнделікті білім беру мен тәрбие жұмысында қолданудың мәнін түсінетін кезең. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамгершілікті сақтау және бірлікті бағалау – Абай тағылымының өзегі.
Абай есімімен аталатын Хромтау ауданындағы бұл мектеп те осы құндылықтарды негізге алып, ауыл балаларының сапалы білім алуына және болашаққа сеніммен қадам басуына қызмет етіп келеді.
-
Фотографии
-