АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ - ЕҢБЕККЕ ҮНДЕЙТІН МӘҢГІЛІК МҰРА
Абай мұрасын дәріптеп, еңбек мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен ұйымдастырылған #АбайЖәнеЕңбекАдамы республикалық жыр эстафетасы жалғасуда.
Эстафета аясында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылы Т.Жүргенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарих-құқық пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұмабаева Гүлбану Телмырзақызы Абай Құнанбайұлының «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін оқып, ұлы ақынның ел мен жерге, халықтың бірлігі мен болашағына деген терең ойларын жеткізді. https://www.facebook.com/reel/1037549239201716
Абайдың тағылымы – ұлтты білімге, еңбекке, бірлікке және адамдық қасиетке үндейтін мәңгілік мұра. Ақынның әрбір сөзі бүгінгі еңбек адамына да рухани бағыт-бағдар береді.