АБАЙ СӨЗІ САНАҒА СӘУЛЕ
Ұлы Абайдың шығармалары – халқымыздың рухани қазынасы ғана емес, әр адамды өзіне есеп беруге, білім іздеуге, еңбекті қадірлеуге үндейтін өмірлік бағдар. Ақынның терең ойлары бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында өтіп жатқан #АбайЖәнеЕңбекАдамы республикалық жыр эстафетасы жалғасын табуда. Эстафетаның кезекті қатысушысы – Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің төрағасы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Әжбенов Ерасыл Құрманғалиұлы. https://www.facebook.com/reel/1605938030929653/
Ұстаздық жолды таңдаған Ерасыл Әжбенов үшін Абай мұрасын жас ұрпаққа жеткізу – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды бір бөлігі. Себебі, Абай айтқан білім, еңбек, талап, тәртіп пен адамгершілік ұғымдары – бүгінгі маманның да, бүгінгі жастың да бойынан табылуы тиіс қасиеттер.
Ұлы ақынның мұрасы – еңбекті бағалайтын, білімге ұмтылатын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ қалыптастыруға жол көрсететін рухани бағдар.
Абай сөзі – санаға сәуле, Адал еңбек – болашаққа жол!