ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
Педагогтардың еңбекке қабілеттілігін арттыру, денсаулығын нығайту және сапалы тынығуына жағдай жасау – кәсіподақ ұйымының басты міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар аясында білім саласы қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету жалғасуда. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының қолдауымен Түркістан және Кентау қалаларының бірқатар педагогтары шипажайда тынығып, сауықтыру ем-шараларын қабылдауда. Бұл игі бастама ұстаздардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жаңа оқу жылына тың күш-жігермен оралуына мүмкіндік береді.
Шипажайда демалушылар емдік процедуралардан өтіп, табиғат аясында серуендеп, белсенді демалыстың игілігін көруде. Жыл бойы жауапты қызмет атқаратын педагогтер үшін мұндай мүмкіндік – денсаулықты нығайтудың, күш-қуатты қалпына келтірудің және кәсіби серпіліс алудың тиімді жолы.
Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, олардың денсаулығын сақтауға және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді. Ұстазға көрсетілген құрмет пен қамқорлық – келешек ұрпақтың сапалы біліміне жасалған маңызды инвестиция.
-
Фотографии
-