«КӘСІПОДАҚ ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА «ЖАСТАР ЖӘНЕ ЕҢБЕК БОЛАШАҒЫ»
Кәсіподақ – еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, ұйымшылдық пен өзара қолдауды нығайтатын сенімді қоғамдық ұйым. Бірлігі жарасқан ұжымда ынтымақ, өзара құрмет және ортақ мақсат жолындағы жауапкершілік әрдайым жоғары болады. «Кәсіподақ әрекет етуде» науқаны аясындағы бұл бейнежазбада Түркістан облысы, Кентау қаласындағы ЖШС «Ыбырай атындағы жалпы білім беретін мектеп» бастауыш кәсіподақ ұйымының жас төрайымы кәсіподақтың ұжымды біріктіретін күш екенін, ұйым мүшелерінің әрқашан бірлікте болып, кәсіподақпен бірге еңбек ететінін атап өтеді. Жас кәсіподақ көшбасшыларының белсенділігі мен бастамашылдығы – кәсіподақ қозғалысының сабақтастығы мен еңбек болашағының берік негізі.
Түркістан облыстық ұйымы