ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ
🌿 Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінен құралған топ жазғы демалыс аясында еліміздің ең көрікті табиғи мекендерінің бірі – Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхат жасады.
🏞️ Танымдық сапардың басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырумен қатар, еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысуына мүмкіндік жасау болды.
🧩Саяхат барысында қатысушылар Бурабайдың әсем табиғатын тамашалап, өңірдің тарихи және мәдени орындарын аралады. Табиғат аясындағы әсерлі кездесу әріптестер арасындағы ынтымақ пен сыйластықты нығайтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🔹Бұл тарихи-танымдық саяхат қатысушылар үшін ерекше әсерге толы, есте қаларлық демалысқа айналып, жазғы демалыстың жарқын сәттерінің бірі болды.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы