ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен бір топ кәсіподақ мүшесі жазғы каникул кезінде еліміздің көрікті өңірлерінің бірі – Бурабайға тарихи-танымдық саяхатқа шықты. Бұл сапар кәсіподақ мүшелерінің жазғы демалысын мазмұнды өткізуге және туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Саяхат барысында қатысушылар Бурабайдың көрікті табиғатын тамашалап, тарихи орындарды аралап, өңірдің бай тарихы мен мәдениеті туралы танымдарын кеңейтті. Табиғат аясындағы әсерлі демалыс ұжым арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайта түсті. Тарихи-танымдық саяхат қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлап, жазғы демалыстың жарқын сәттерінің біріне айналды.