ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Қазалы ауданы, Абай ауылындағы Абай атындағы №90 орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сарлыбаева Гүлзада Бегалиевна – шығармашылығы мен кәсіби шеберлігін ұштастыра білген білікті педагог.
13 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаздың басты жетістігі – оқушыларының табысы. Оның жетекшілігімен білім алған шәкірттері республикалық «Қазақстан үміті» шығармашылық конкурсында Бас жүлдені жеңіп алып, сондай-ақ «Жаңа Қазақстан», «Бояулар құпиясы», «Құмай тазы аңда», «NAURYZ-MODERN», «Би елге құт» республикалық және облыстық байқауларында жүлделі орындарға ие болып, аудан мен облыстың мерейін үстем етіп келеді.
Шәкірттерінің жоғары нәтижелері үшін Гүлзада Бегалиевна республикалық деңгейдегі Құрмет грамоталарымен, «Үздік жетекші» атағымен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық «SMART Көркем еңбек – 2025» кәсіби байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, шығармашыл әрі ізденімпаз ұстаз екенін дәлелдеді.
Көркем еңбек пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып жүрген ұстаздың еңбегі әрдайым жоғары бағалануда. Өз ісінің шебері атанған Гүлзада Бегалиевна алдағы уақытта да талай дарынды шәкірт тәрбиелеп, білім мен өнердің биігінен көріне беретіні сөзсіз.
Қызылорда облыстық ұйымы