ШИПАЖАЙДАҒЫ ДЕМАЛЫС
Жазғы кезең – бұл денсаулықты нығайтып, қажырлы еңбектен кейін күш-қуатты жаңартып, жан-дүниені тыныштандыруға тамаша мүмкіндік.
Шуақты күндердің, таза ауаның және сауықтыру шараларының қолайлы үйлесімі демалуға және емделуге тамаша жағдай жасайды.
Саябақтар мен көркем аймақтарды қамтитын шипажайдың әртүрлі табиғаты емдік әсерді толықтырады және релаксацияға ықпал етеді.
Биылда Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы аудандық филиалға қарасты кәсіподақ мүшелері еліміздің әсем шипажайларында тынығып, керемет әсерлермен оралуда.
Кәсіподақтың осы бағыттағы белсенді жұмыстары қызметкерлердің еңбегіне деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі ғана емес, әрі еңбекке деген ынтасын арттырып, рухани тың жаңалықтарға жол ашады.
Қуанышқа толы осы демалыстан кейін әріптестеріміз жаңа күшпен, шабытпен жұмысқа оралады деген сенімдемін.
Г.Тұрманова,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №13 мектеп-гимназияның педагогы