ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – КОМИССИЯ НАЗАРЫНДА
25 маусым күні Түркістан облысында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия жұмысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков төрағалық етті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қатарында жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатындағы міндетті сақтандыру, жалақының уақытылы төленуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік әріптестікті жетілдіру бағыттары қаралды.
Отырысқа мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сондай ақ Түркістан облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Е.Исатаев кәсіподақ өкілі ретінде қатысты.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын талқылап, еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін күшейту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және өңірдегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді.Жиын барысында комиссияның алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары да талқыланып, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылық және еңбек қатынастарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізілді.
Комиссия отырысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков жауапты мекемелерге әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді орындалуын қамтамасыз ету және еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша нақты тапсырмалар берді.