КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ
Білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтардың денсаулығын нығайту мен сапалы демалысын ұйымдастыру – кәсіподақ қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ұстаздардың әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөліп, олардың жазғы сауықтыру демалысын тиімді өткізуге қолдау көрсету дәстүрлі түрде жалғасып келеді.
Бұл – білім саласы қызметкерлерінің еңбегіне деген құрмет пен қамқорлықтың жарқын көрінісі. Жазғы демалыс маусымында Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің білім саласы қызметкерлері кәсіподақтың қолдауымен «Біркөлік», «Манкент» және «Сарыағаш» шипажайларында тынығуда. Шипажайларда ұсынылатын сауықтыру және емдік шаралар ұстаздардың денсаулығын жақсартып, бір жылдық қажырлы еңбектен кейін күш-қуаттарын қалпына келтіруге мүмкіндік беруде. Табиғаты әсем, шипалы аймақтарда тынығу олардың жаңа оқу жылын сергек көңіл-күймен қарсы алуына оң әсерін тигізуде.
Ұстаздардың игілігіне бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Кәсіподақ ұйымы білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, олардың денсаулығын нығайту және өмір сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастыра береді.
-
Фотографии
-