ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осы орайда Сайрам ауданының білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының орындалуы, әлеуметтік әріптестік қағидаттарының сақталуы және ұжымдық шарт талаптарының жүзеге асырылуы бойынша қоғамдық бақылау өткізілді.
Қоғамдық бақылауға «Шапағат-педагог» білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрайымы Гүлнара Тілеубердиева қатысып, Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және №67 «Көмешбұлақ» жалпы білім беретін мектебінде еңбек қатынастарының ұйымдастырылуы мен заңнама талаптарының орындалуына мониторинг жүргізді.
Бақылау барысында қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарының қорғалуы, еңбек жағдайларының заң талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ 2024–2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім мен 2025–2027 жылдарға арналған Ұжымдық шарт міндеттемелерінің орындалуы жан-жақты зерделенді. Нәтижесінде еңбек заңнамасына қайшы келетін кемшіліктер анықталмай, құжаттардың талаптарға сай жүргізіліп отырғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге қарастырылған әлеуметтік қолдау шараларын тұрақты түрде жүзеге асыру және өтемақы төлемдерін жүйелі ұйымдастыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Қоғамдық бақылау – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудің ғана емес, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың, еңбек ұжымдарындағы өзара сенім мен әлеуметтік әріптестікті нығайтудың тиімді тетігі. Осындай жұмыстар білім беру саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттырып, еңбек қатынастары мәдениетін жетілдіруге оң ықпал етеді.
Түркістан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-