МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
Медицина қызметкерлері күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы студенттер емханасында еңбек етіп жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты мұрат еткен ақ халатты абзал жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Осы орайда кәсіподақ ұйымы медицина қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың қоғам алдындағы жауапты қызметін ерекше атап өтті.
Мерекелік шара барысында студенттердің денсаулығын нығайту жолында аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы атынан бірқатар медицина қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты басқосу барысында үздік медицина қызметкерлеріне Сарыағаш өңіріндегі шипажайға жолдама табысталды. Бұл марапат олардың кәсіби біліктілігі мен адал еңбегіне көрсетілген зор құрметтің белгісі ретінде қабылданды.
Кәсіподақ ұйымының мұндай игі бастамалары медицина саласы мамандарының еңбегін дәріптеп қана қоймай, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға және жаңа жетістіктерге жігерлендіруге ықпал етеді.
-
Фотографии
-