ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Ермекбаева Жауқасын Болатбекқызы 1992 жылы 26 тамызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында үздік білім алып, білімге деген құштарлығының арқасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2012 жылдан бастаған маман бүгінге дейін N60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда. Еңбек өтілі 14 жыл, педагог-сарапшы.
Жауқасын Ермекбаева көптеген байқауларға қатысып, марапатталды. “Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі” атты педагогикалық байқау І орын, Алматы қаласында өткен ІІ Республикалық «Үздік жас ұстаз» форумына қатысып, «Үздік жас ұстаз»төсбелгісімен, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы Құрмет грамотасымен, Жас ақындардың ІІ облыстық жыр мүшәйрасына бірнеше рет қатысып , жүлделі орындалмен марапатталған.
Жауқасын Ермекбаеваның оқушылары түрлі пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Бұл – ұстаздың сапалы білім беруге деген талпынысы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Сонымен қатар жаңа әдістемелер мен технологияларды меңгеруге ұмтылуы, цифрлық платформалар мен ресурстарды сабақта пайдалануы және оқыту әдістемелерін жаңарту, интерактивті сабақтар жүргізуі ерекше.
Жауқасын Ермекбаева Болатбекқызы-
ұстаздықпен қоса қоғамдық шараларға белсенді қатысып жүрген маманның бірі.
Үнемі ізденіс үстінде жүретін, жаңашылдыққа құштар нағыз ХХІ ғасырдың мұғалімі. Осындай жалынды да білікті жастар барда еліміздің білім беру саласының болашағы жарқын екені сөзсіз.
Қызылорда облыстық ұйымы