ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ
Бүгінгі білім беру жүйесінде жаңашылдыққа ұмтылатын, кәсіби шеберлігі жоғары, шығармашыл ұстаздардың орны ерекше. №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Жанайдарова Жанерке Ардаққызы шәкірт тәрбиесі мен білім сапасын арттыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Ұстаз сабақ барысында заманауи педагогикалық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Нәтижесінде оның шәкірттері облыстық және республикалық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
2025–2026 оқу жылында жетекшілік еткен оқушыларының жетістіктері – соның айқын дәлелі:
Айару Бақытқызы – республикалық «Дарын» конкурсының республикалық кезеңінің ІІІ орын иегері;
Аяулым Мұханбетияр – республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде химия пәнінен ІІІ орын иегері.
Жанерке Ардаққызы ұстаздық қызметпен қатар мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі білім беру, мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шаралардың ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Кәсіби дамуды басты ұстанымына айналдырған педагог үнемі ізденіс үстінде, білім беру саласындағы жаңа бағыттарды тәжірибесіне енгізуде.
Ұстаздың басты мақсаты – ғылымға құштар, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, сыни ойлай алатын және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Осындай шығармашыл ұстаздардың еңбегі – білім сапасының артуына, ел болашағының жарқын болуына қосылған үлкен үлес.
Қызылорда облыстық ұйымы