ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Шығыс Қазақстан облысының Күршім және Марқакөл аудандарында білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымдарына іс-тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету мақсатында арнайы зерделеу және мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бұл шара кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыруға және ішкі құжаттаманы ретке келтіруге бағытталған.
Құжаттама мен іс-қағаздарды жүргізу деңгейі сараланды. Кәсіподақ ұйымдарының нормативтік-құқықтық базаға сай жұмыс істеу деңгейін тексеріп, келесі бағыттар бойынша талдау жасады:
Кәсіподақ жиналыстарының хаттамалары мен қабылданған қаулылардың заңнамалық талаптарға сәйкестігі қаралды.
Ұйымға мүшелікке қабылдау құжаттары, өтініштердің жүргізілу сапасы сараланды.
Жылдық жұмыс жоспарларының іс жүзінде қалай жүзеге асып жатқандығына баға берілді.
Зерделеу қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және іс-қағаздарды дұрыстау мақсатында төрағаларға арнайы үлгілік құжаттар топтамасы мен әдістемелік нұсқаулықтар табыс етілді.
Іс-сапар барысында заманауи ақпараттық талаптарға сай кәсіподақ ұйымдарының бұқаралық ақпарат құралдарындағы (БАҚ) және әлеуметтік желілердегі белсенділігіне баса назар аударылды. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мен атқарылған ауқымды істерді ашық көрсетуде әлеуметтік желілердің рөлі зор. Осыған орай, аудандық ұйымдарға медиа-кеңістіктегі жұмысты жандандыру, кері байланысты нығайту және сапалы контент жасау бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы