ТЕМІРДЕ КӘСІПОДАҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов жұмыс сапарымен Темір ауданына барып, білім саласы қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Сапар аясында ол кәсіподақ мүшелерімен, келісу комиссияларының мүшелерімен және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен жүздесті. Кездесу барысында еңбек қатынастарын реттеудегі келісу комиссияларының рөлі мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, олардың құрылу тәртібі мен қызметі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Жиын барысында қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасып, кәсіподақ қызметін жетілдіру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
Өз кезегінде Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілеріне жасанды интеллект технологияларының бүгінгі қоғамдағы орны мен мүмкіндіктері туралы баяндап, цифрлық құралдарды білім беру және кәсіподақ жұмысында тиімді пайдалану жолдарына тоқталды.
Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Жиын қорытындысында тараптар кәсіподақ қызметін одан әрі жетілдіру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
Айжарық Серімбетов жұмыс сапары барысында Шұбарши мектеп-бөбекжай балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетіп, қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.
-
Фотографии
-