САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ
Бүгін «Жалын» балалар сауықтыру лагерінде жазғы демалыс маусымының ашылу салтанаты өтті. Шараға аудан әкімі мен зиялы қауым өкілдері қатысып, балаларға ақжарма тілектерін арнады.
Алғашқы ауысымда білім саласы қызметкерлерінің балалары демалуда. Лагерьде балалардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған түрлі мәдени-танымдық, спорттық және шығармашылық шаралар өткізіледі.
Салтанатты ашылу рәсімі концерттік бағдарламамен жалғасып, балалар көтеріңкі көңіл-күймен өнерлерін көрсетті. Жазғы демалыстың алғашқы күні қызықты әсерлер мен жарқын сәттерге толы болды.
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс пен ұмытылмас естеліктер тілейміз!
-
Фотографии
-