КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ
Өскемен қаласы «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мектеп ұжымы Горная Ульбинка да орналасқан «Царское село» демалыс орнына барып, ұмытылмас демалыс өткізіп қайтты.
Күнделікті қарбалас жұмыс пен мектеп өмірінен бір сәт серпіліп, табиғаттың ғажайып аясында серуендеу әрбір қызметкерге ерекше қуат сыйлады. Ұжым мүшелері таза ауада серуендеп қана қоймай, қызықты ойындар ойнап, өзара еркін сұхбаттасып, бір-бірімен жақынырақ таныса түсті. Бұл сапар әрбір ұстаз бен қызметкердің көңіл-күйін көтеріп, бойларына жаңа жігер, жағымды әсер ұялатты.
Осы іс-шараны жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізіп, әріптестеріне қуаныш сыйлаған кәсіподақ комитетіне және белсенді ұйымдастырушылар тобына мектеп әкімшілігі мен ұжымы зор алғыс білдіреді.
Индира Сулейменова, Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы