БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
28-29 мамырда Маңғыстау облыстық ұйымының өкілдері облыс орталығынан шалғай орналасқан Бейнеу ауданында жұмыс сапарымен болды.
Іссапар аясында Бейнеу гимназиясы, Бейнеу лицейі және Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымдарымен мазмұнды кездесулер өтті.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру, оқу орындарындағы ұжымдық шарттың маңызы, кәсіподақ ұйымының міндеттері мен ұжымдық шартқа енгізілген артықшылықтар туралы айтылды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесі мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы арасындағы 2023–2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қойылған түрлі сауалдарға толық әрі нақты жауаптар берілді.
Кәсіподақ қызметіне үлкен қызығушылық танытқан ұжым қызметкерлері өз ризашылықтарын білдіріп, осындай мазмұнды шаралардың жиі өткізіліп тұруына ұсыныстарын жеткізді.
Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фотографии
-