ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
Жаманов Мейрамбек Елубайұлы – саналы ғұмырын білім беру саласына арнап, ұрпақ тәрбиесінде табанды еңбек етіп келе жатқан білікті басшы, тәжірибелі педагог. 1974 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақарық ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Қызылорда педагогикалық институтының жаратылыстану-экология факультетін «Химия және биология» мамандығы бойынша тәмамдап, сол жылдан бастап №124 орта мектепте ұстаздық қызметін бастады. Алғашқы жылдардан-ақ пән мұғалімі, сынып жетекші, кабинет меңгерушісі, үйірме жетекшісі ретінде белсенділік танытып, шәкірт тәрбиесіне бар күш-жігерін жұмсады.
1999–2004 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2010 жылы бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылы конкурстық негізде №124 орта мектеп директоры болып тағайындалып, білім ордасының дамуына тың серпін берді. 2022–2025 жылдары Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектепті, ал 2025 жылдан бастап №203 орта мектепті басқарып келеді.
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 29 жыл, оның 12 жылы мектеп директоры лауазымында өтті. Осы уақыт ішінде білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие үдерісін жүйелеу, педагогтардың кәсіби дамуын қолдау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарды. Оқушылары аудандық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, көптеген түлектері мемлекеттік грант иегері атанды.
Еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланған. Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталған. 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін, 2018 жылы «Ұзақ Еспановтың 90 жылдығы» мерейтойлық медалін иеленген.
Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, 2016 жылы Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Іскер басшы, парасатты педагог, өнегелі әке ретінде Жаманов Мейрамбек Елубайұлы – жас ұрпаққа да, әріптестеріне де үлгі боларлық тұлға.