КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ – ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ӘЛ-АУҚАТТЫҢ КЕПІЛІ
Кәсіподақ мүшелерін сауықтыру тек демалыс маусымының мәселесі ғана емес. Денсаулыққа қамқорлық жүйелі түрде, жыл бойы жүргізілуі тиіс. Бұл – нақты істермен дәлелденген Солтүстік Қазақстан облысы білім беру кәсіподағының берік ұстанымы.
Санаториялық-курорттық емдеу мен демалыс,профилактикалық медициналық бағдарламалар, сауықтыру шаралары, туристік сапарлар, бассейндерге, спорттық және оңалту орталықтарына бару, демалу және қалпына келтіру бағдарламалары – осының барлығы кәсіподақ мүшелеріне жыл бойы қолжетімді.
Бүгінде жұмыстан қол үзбей-ақ физикалық және эмоционалдық жағдайды сақтауға көптеген мүмкіндік бар. Демалыс пен сауықтырудың қысқа мерзімді түрлері де жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, тиімді түрде күш-қуатты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Кәсіподақ мүшелері үшін «Дискавери – Бурабай» қонақ үйі демалыс пен сауықтырудың сүйікті орнына айналды. Бұл әсем әрі жайлы мекемеде жыл сайын 700-ден астам кәсіподақ мүшесі сауықтырылады.
Сондай-ақ Петропавл қаласындағы «Нептун» аквапаркі, «Парк» демалыс базасы – «Пестрое» қонақ үйі, Айыртау ауданындағы «Изумрудное» демалыс базасы да кәсіподақ мүшелерінің ерекше ықыласына ие.
Тәжірибе көрсеткендей, мұндай мүмкіндіктерді тұрақты пайдалану кәсіподақ мүшелерінің күйзеліс деңгейін төмендетуге, кәсіби күйіп кетудің алдын алуға, иммунитетті нығайтуға, жұмыс қабілеттілігі мен өмір сапасын арттыруға оң әсер етеді.
Кәсіподақ жыл бойы өз мүшелері үшін сауықтырудың қолжетімді әрі ыңғайлы түрлерін ұйымдастыруда маңызды рөл атқара алады және атқаруға тиіс.
Денсаулық – тек демалыс кезінде ғана емес, үнемі назар аударуды қажет ететін ең басты құндылық.
Ертеңге сенімді қадам жасау үшін бүгіннен бастап өз денсаулығымызға қамқорлық жасайық!
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-