ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
Алдабергенова Несіпкүл апай – саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ардақты ұстаз. 1968 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтты тәмамдап, еңбек жолын француз тілі пәні мұғалімі ретінде бастаған. Ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берді.
Ұстаздық жолдағы адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Еңбек ардагері ретінде әріптестері мен шәкірттерінің құрметіне бөленіп келеді.
Бүгінде ұлағатты ұстаз 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, ұрпағының қызығын көріп отырған аяулы ана, ел сыйлаған өнегелі жан. Несіпкүл апайдың ғибратты ғұмыры мен адамгершілік қасиеті кейінгі буынға әрдайым үлгі болып қала бермек.
Қызылорда облыстық ұйымы