БІЛІМ МЕН БІЛІКТІЛІКТІ ҰШТАСТЫРҒАН ЖАС ҰСТАЗ
Сахитжан Бекзатхан Шынтасұлы 2000 жылдың 2 мамырында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алып, 2020 жылы тәмамдады. Кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Математика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді. Қазіргі таңда Қаныш Сәтбаев атындағы №216 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі.
Сахитжан Бекзатхан – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білімді әрі білікті жас ұстаз. Тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау және талантты жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар, ұлттық рухани жаңғыру аясында өткен «Өнер алды – қызыл тіл» атты аудандық байқауға қатысып, үздік өнері үшін Бас жүлдені иеленді.
Ұстаздың шәкірттері аудандық олимпиадалар мен түрлі интеллектуалдық сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.
2026 жылы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық байқауының облыстық кезеңінде І орын иеленді. Осы жылы Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды.